....

....

сенбі, 24 ақпан, 2024 4:28

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

Қысқы аурулардан қорғайтын ең пайдалы көкөністер мен жемістер белгілі болды

Қысқы аурулардан қорғайтын ең пайдалы көкөністер мен жемістер белгілі болды
ашық дереккөзі
Қысқы аурулардан қорғайтын ең пайдалы көкөністер мен жемістер белгілі болды
Қысқа қарай ағзаның сыртқы әсерлерге төтеп беруі төмендей бастайды. Дәл осындай кезде мамандар иммунитетті күшейтетін тағамдарға көңіл бөлуге кеңес береді. Ол қандай тағам түрлері?
Ұлыбританияда тіркелген Simply Supplements компаниясының сарапшысы Саманта Гринер суық ауа райында ағзаның қорғаныс қабілетін күшейтетін ең тиімді көкөністер мен жемістерді атады. Ол қандай көкөніс пен жемістер екенін ferra.expert сайтына сілтеме жасай отырып Aikyn.kz хабарлайды. Бірнеше күндерден кейін басталатын ұзақ қыста ағзаны суық тиюден сақтайтын, иммунитетін көтеретін дәрумендерге бай жемістер мен көкөністерді пайдалану қажеттігін көпшілік жақсы біледі.
Дегенмен Simply Supplements сарапшылары өздерінің бай тәжірибесіне сүйеніп, төмендегі жемістер мен көкөністерді күнделікті пайдалану адамды вирустық аурулардан сақтайтынын, ағзаны тазартатынын тағы бір рет еске салады. 
Олар қандай жемістер мен көкөністер? Бірінші, апельсиндер. Олар С витаминіне, фолий қышқылына, кальцийге және магнийге бай. Екінші орында – қызанақтар (томаттар). Күнделікті қызанақ жеген адам калий, фолий қышқылы, С витаминін толық алады. Үшінші, брокколи. Бұл қырыққабаттан С витаминін алудың ең жақсы жолы – оны шикі күйінде жеу немесе буға пісіру. Төртінші, бұрыш. Оның құрамында Е, К дәрумендері және талшықтар (клетчатка) көп. Бесінші, қымбат болса да құлпынай. Құлпынай арқылы С витаминінің мөлшерін арттыруға болады. Алтыншы, пайдалы көкөніске мамандар орамжапырақты қойған екен. Ол иммундық жүйені нығайтуға көмектесетін С және Е витаминдеріне бай. Жетінші орында ұсынылатын брюссель қырыққабаты да ағзаның С және К дәрумендерін толтырудың тамаша түрі болып саналады. Сегізінші, ақтүйнек немесе картоп. Онда талшық (клетчатка), С, В6 дәрумендері, калий көп. Тоғызыншы, қара қарақат. Бұл жидек С дәруменіне толы. Оныншы, киви. Ол ағзаны талшықпен, С және К дәрумендерімен қамтамасыз етеді. Қорыта айтқанда, қыста адам ағзасы дәрумендерді әсіресе қажет етеді. Қыс айларында дұрыс және теңдестірілген тағам түрлерін пайдалану қажет.
Жоғарыда айтылған қыста аса қажет дәрумендерге толы көкөністер мен жемістер ағзаны суыққа дайындау үшін күнделікті диетада болуы керек.
Қыста дәрумендер тек иммунитетті жақсарту үшін ғана емес, сонымен бірге адамның күш-қуатын өсіреді. Сондықтан да қыс айларында көп талшықтар, минералдар мен дәрумендер бар тағамдарға артықшылық берген пайдалы. Мүмкіндігінше жемістер мен көкөністерді жеу керек. Қыста қандай дәрумендердің жетіспейтінін, сондай-ақ қыста қандай дәрумендерді қабылдау керек екенін және қыста қажетті дәрумендердің көп мөлшері қай жерде болатыны туралы толығырақ дәрігерлер айтып береді.
Біздің ұсыныстарды дәрігердің рецептімен теңестіруге болмайды. Әртүрлі тағамдарды қабылдауға деген әр адамның жеке ерекшеліктері болғандықтан, алдын ала дәрігер мамандармен кеңесіп алған жөн.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Ұқсас жаңалықтар