Жаңалықтар
Қысқы универсиада: Никита Акимов биатлоннан алтын медаль жеңіп алды
- авторИндира Тәліпқызы
- 18 қаңтар, 2025
- 646

Қазақстан қоржынына үшінші алтын медаль түсті
Турин қаласында өтіп жатқан қысқы Универсиада ойындарында отандасымыз Никита Акимов биатлоннан ерлер арасынан (10 км.) алтын жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Jambylinfo. kz.
Сонымен қатар, бүгін мәнерлеп сырғанауда қысқа бағдарламада сағат 22:00-ден бастап ерлер арасында Никита Кривошеев, Михаил Шайдоров пен Диас Жиренбаев сайысқа түседі.
Cағат 20:30-де шайбалы хоккейден әйелдер арасында Қазақстан мен АҚШ кездесуі басталады.
Айта кетейік, қазіргі уақытта Қазақстан қоржынында Қысқы Универсиаданың 3 алтыны, 3 күмісі және 1 қола медалі бар.
Келесі мақала
Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні болды
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы отбасының бүлдіршіндерін қуантты
- авторМағжан Орынбасар
- 31 мамыр, 2025