Қытайлық ғалымдар Қазақстанға Аралдың құрғап қалған танабына жасанды орман егу бойынша қолдау көрсетуге дайын, деп хабарлайды Jambylinfo. kz. Ulysmedia.kz.-ке сілтеме жасап.
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев жасанды орман екпелерін жасау бойынша Қытай Ғылым академиясының Шыңжаң экология және география институтының ғалымдарымен бірлескен кездесу өткізді.
Талқылау барысында өңірдің экологиясына теріс әсерді азайту үшін Арал теңізінің құрғаған түбіне (АТҚТ) орман егу мәселелері қаралды.
Министр Қытай жасанды орман екпелерінің көлемі бойынша әлемдік рекордшы екенін ескере отырып, ҚХР ғалымдарымен бірлесіп ормандарды молықтыру жөніндегі ғылыми зерттеулерде тәжірибе алмасу бойынша өзара ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын атап өтті.
Сонымен қатар, Арал теңізінің құрғаған түбінде экологиялық мәселелерді шешу бойынша бірлескен Қазақстан-Қытай орталығын құру ұсынылды.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
«1 млн. 107 600 теңге»: Жамбылдық ұстаздар ақшалай сыйақыға ие болды
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024