сейсенбі, 6 мамыр, 2025 9:33

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қытайда 7 жасар балаға жасанды жүрек салынды

Қытайда 7 жасар балаға жасанды жүрек салынды
Pixabay.com
Қытай дәрігерлері медицина тарихында теңдесі жоқ оқиғаға қол жеткізді

Олар жасанды жүректі 7 жасар балаға салып, оны бұл күрделі отаны өткерген әлемдегі ең жас адамға айналдырды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Балаға 2024 жылдың мамыр айында «кеңейтілген кардиомиопатия» диагнозы қойылған. Бұл – жүректің үнемі үлкейіп, әлсіреуіне алып келетін генетикалық және созылмалы дерт. Донорлық жүрек табылмағандықтан, мамандар жалғыз шешім ретінде жасанды жүрек орнатуды таңдаған.

Ота осы айдың басында жасалып, шамамен 5 сағатқа созылған. Дәрігерлер науқасқа салмағы небәрі 45 грамм, диаметрі 2,9 см болатын арнайы жасанды жүректі сәтті имплантациялады.

Осылайша, ауыр дертпен күрескен 7 жасар бүлдіршін жасанды жүрек салынған әлемдегі ең жас адам ретінде тарихқа енді.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар