Қытайда жүргізушісі жоқ такси жұмысын бастады
Қытайда алғашқы робот-такси жұмысын бастады.
Жаңа қызмет түрін технологиялық алпауыт Baidu компаниясы іске қосты. Жоба авторларының айтуынша, көлікте жүргізуші болмағанмен, бастапқы уақытта алдыңғы жолаушы орнында компания өкілі отырады. Әзірге таксидің бұл түрі тек 8 бағыт бойынша қатынайды. Олар Олимпиада стадионының маңында орналасқан көрінеді. Жергілікті билік өкілдері бұл мүмкіндікті келер жылы өтетін қысқы Олимпиада ойындары кезінде пайдаланбақ ниетте. Яғни, автономды таксиді спортшылар мен жанкүйерлерге ұсынбақ.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Шығыс Қазақстанда өсімдік майын өндіретін ірі өндіріс орны іске қосылды
- авторСадуақас Айсұлу
- 13 желтоқсан, 2025
Жаңалықтар
Тәуелсіздік күніне орай ХҚО-лардың жұмыс кестесі өзгерді
- авторСадуақас Айсұлу
- 13 желтоқсан, 2025






