жұма, 5 желтоқсан, 2025 12:04

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қытайда жасанды жатыр арқылы жүкті бола алатын алғашқы робот жасалды

Қытайда жасанды жатыр арқылы жүкті бола алатын алғашқы робот жасалды
pixabay.com
Бұл туралы Kaiwa Technology компаниясы хабарлады

Қытайда жасанды жатыр арқылы жүкті бола алатын алғашқы робот жасалды, деп хабарлайды  Jambylinfo.kz

Қытайдың Kaiwa Technology компаниясы әлемдегі алғашқы "жүктілік роботын" жасауға кіріскенін мәлімдеді.

Жобаның басты ерекшелігі – гуманойд роботтың құрсағына жасанды жатыр орналастырылып, ұрықты он ай бойы көтеру және босану процесін имитациялау мүмкіндігі. Компания мамандарының айтуынша, технология жасанды амниотикалық сұйықтықты және түтік арқылы жеткізілетін қоректік заттарды қолдана отырып, табиғи жүктілік үдерісін қайталайды.

Бұл шешім табиғи жүктіліктің ауыртпалығынан бас тартқысы келетіндер үшін балама ретінде ұсынылады. Қытайлық БАҚ-тың хабарлауынша, жаңа үлгі 2026 жылы таныстырылмақ. Оның құны 100 мың юаньнан (шамамен 13 900 доллар) аспайды деп күтілуде.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар