жексенбі, 29 желтоқсан, 2024 9:53

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қызылорда облысында соңғы екі жылда 20 ойынхананың қызметі тоқтатылды

Қызылорда облысында соңғы екі жылда 20 ойынхананың қызметі тоқтатылды
ашық дереккөзі
Қызылорда облысында соңғы екі жылда 20 ойынхананың қызметі тоқтатылды
Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің ықпалымен соңғы екі жылда 20 ойынхананың қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды Жамбылинфо Kazinform сілтеме жасап.
Соңғы екі жылда өңірде департамент ықпалымен 20 ойынхананың қызметі тоқтатылды. Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған азаматтар заң шеңберінде жауапқа тартылды. Сондай-ақ қаржы пирамидасымен айналысқан Q-Net ұйымына сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп, жәбірленушілерге қомақты қаржысы толығымен қайтарылды.
«Өңірде заңсыз ойын бизнесін тоқтату мақсатында тиісті шаралар жүргізілуде. Соның бірі — әлеуметтік желі арқылы оңай олжа ұсынатын жарнамалық сайттар мен сілтемелерді анықтау. Бұл мақсатта ақпараттық жүйе арқылы тексеріс жасалды. Нәтижесінде желі арқылы таралған 220 сілтеме бұғатталып, 2 мың адам заңға қарсы контенттен бас тартты, ал 3 аккаунт жойылды», — деп мәлім етті Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Бақыт Қайшыбеков.
Кәсіпкерлік субъектілері арасында қылмыс пен құқық бұзушылықты азайту мақсатында «Бизнесті қорғау» жобасы жүзеге асырылуда. Бұл жоба кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға және негізсіз қылмыстық қудалауға ұшырамауға бағытталған.
«Осы жобаның арқасында биыл азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзу фактісі болған жоқ. Департаменттің негізгі қызметі бойынша жыл басынан бері 14 іс өндіріспен аяқталды. Сәйкесінше, мемлекетке келтірілген залал өндірілді. Ал мұнай өнімдерін заңсыз айналымына қатысты 6 істің өндірісі аяқталып, сотқа жолданды. Осы ретте тұрғындардың қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында облыстық қоғамдық даму басқармасымен бірлесіп, аудандарда кездесулер өткізілуде», — деді департамент басшысы.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада құны 1,7 млрд теңге болатын 4 мемлекеттік сатып алу конкурсының күші жойылды.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар