жексенбі, 24 қараша, 2024 6:15

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қызылордада жеке тұрғын үйде газ жарылып, төрт адам қаза болды

Қызылордада жеке тұрғын үйде газ жарылып, төрт адам қаза болды
ашық дереккөзі
Қызылордада жеке тұрғын үйде газ жарылып, төрт адам қаза болды
Қызылорда облысы Қармақшы ауданының орталығы – Жосалы кентінде газ баллоны жарылып, оқиға барысында төрт адам көз жұмды. Бұл жөнінде Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды. «Қайтыс болған азаматтардың туған-туыстарына Сыр елі жұртшылығы атынан қайғыра көңіл айтамын. Бұл бәрімізге де жеңіл тимеді. Қазіргі таңда осыған байланысты мәселе менің тікелей бақылауымда тұр. Өрттен, судан, басқа да апаттан аман болайықшы, жерлестер», - деп жазылған хабарламада. Айта кетейік, оқиға Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, Рүстембеков көшесіндегі №29 жеке тұрғын үйде түскі 13:30 кезінде болған. Онда 27 литрлік газ баллоны жарылып, өрт 144 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрттен С. Өміртаева (2001ж.), Р. Айтмаханова (1981ж.), Н. Айтмаханова (2000ж.), С. Мырхиев (1999 ж.) көз жұмды. Өрт сөндіру бөлімшесі келгенге дейін 1950 жылы туған С.Алмаханова жергілікті аурухананың хирургия бөлімшесіне жатқызылған. Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінен (16 қызметкер және 4 бірлік техника), ӨКМ (20 қызметкер және 4 бірлік техника), ЖАО (10 қызметкер және 3 бірлік техника), прокуратура (3 қызметкер, 1 бірлік техника), БСМК (8 қызметкер және 3 бірлік техника), КРЭК (3 қызметкер және 1 бірлік техника) жұмылдырылды.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар