бейсенбі, 26 желтоқсан, 2024 20:32

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қызылшаның таралуы бойынша жағдай күрделі – министрлік

Қызылшаның таралуы бойынша жағдай күрделі – министрлік
ашық дереккөзі
Қызылшаның таралуы бойынша жағдай күрделі – министрлік
Қызылша ауруына шалдыққан қазақстандықтардың дені вакцина алмаған. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмагамбетова мәлім етті, деп хабарлайды Жамбылинфо Kazinform агенттігіне  сілтеме жасап.
«Елімізде қызылшаның таралуы бойынша жағдай күрделі. Жыл басынан бері 11 057 дерек тіркелді. Оның ішінде қызылша жұқтырғандар 83%-ы 14 жасқа дейінгі балалар, 2,7% жасөспірімдер және 13,8% ересектер. Қызылша ауруы барлық өңірде тіркелді. Атап айтқанда Алматы қаласында – 2031 жағдай, Шымкент қаласында – 2026 жағдай, Жамбыл облысында 392 жағдай және Алматы облысында – 1111 жағдай», - деді Айжан Есамағамбетов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, қызылша жұқтырғандардың дені вакцина алмаған.
«Бұл ретте, 60%-да балалар егуден бас тартуға байланысты, 18,3%-да – медициналық қарсы көрсетілім бойынша, 21%-да егу жасына жетпеуіне байланысты егілмеген. Аурудың алдын алудың бірден-бір шарасы вакцинация болып табылатынын ескере отырып, қызылшаның одан әрі таралуын болдырмау үшін балаларды 6 айдан бастап, сондай-ақ 2 жастан 5 жасқа дейінгі балаларды және медицина қызметкерлерін қосымша вакцинациялауды енгізу жоспарланып отыр», - дейді ол.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар