сенбі, 21 желтоқсан, 2024 0:58

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Заң мен тәртіп» идеологиясын жүзеге асыру: Жамбыл облысының прокуроры таластықтармен кездесті

«Заң мен тәртіп» идеологиясын жүзеге асыру: Жамбыл облысының прокуроры таластықтармен кездесті
Сурет:Ашық дереккөзден алынды
Жиынға 100-ден астам адам қатысты

Облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров полиция департаментінің бастығы Бақытжан Малыбаевпен бірлесіп, қоғамда «Заң мен Тәртіп» жоспарын бекітуге бағытталған Талас ауданының тұрғындарымен көшпелі кездесу өткіздітапсырылды,  деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Іс-шараға 100-ден астам адам, оның ішінде атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылары, мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері және белсенді азаматтар қатысты.

Аудан тұрғындарына құқық қорғау органдары жұмысының азаматтардың құқықтарын қорғауға және құқық бұзушылықтарға қарсы күреске бағытталған негізгі бағыттары, сондай-ақ заң бұзылған жағдайда құқықтық тәртіп органдарына жүгіну тетіктері ұсынылды.

Облыс прокуроры азаматтардың назарын тәртіпті сақтауға белсенді қатысуға аударып, қоғамдағы оң өзгерістерге бірлескен күш-жігермен ғана қол жеткізуге болатындығын атап өтті.

Сондай-ақ, құқық бұзушылықтардың алдын алу және интернет-алаяқтықтарды тиімді ашу мәселелері қаралды.

Нұрғалым Әбдіров өңірде жалпы қылмысты азайту мақсатында прокуратура әзірлеген бірқатар жобалар іске асырылып жатқанын атап өтті.

Осы бастамалардың арқасында Талас ауданындағы оң нәтижелерді қоса алғанда, қылмыс деңгейін 6,8% - ға төмендетуге мүмкіндік туды.

Мысалы, ағымдағы жылы аудан прокуратурасының үйлестіруімен облыс тұрғындарын 8 млн теңгеден астам сомаға алдаған бес адамнан тұратын топ әшкереленді.

Сотқа дейінгі тергеу барысында жәбірленушілерге келтірілген залал толығымен өтелді, кінәлі адамдар сотталды.

Сонымен қатар «CYBER SHEKTEU TARAZ» телеграм-боты белсенді жұмыс істеуде, оның негізгі мақсаты интернет-алаяқтықтардың алдын алу және жолын кесу, сондай-ақ осы қылмыстарды ашу кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру болып табылады.

Бот жұмыс істегелі 83 (214-тен) интернет алаяқтық фактісі яғни  38,7% әшкерленіп, оның ішінде алаяқтардың әрекеттерін жүзеге асыруға көмектескен 4 дроппер анықталды. 

Сонымен бірге қылмыстық қудалау органдары тарапынан белсенді шаралардың арқасында Екінші деңгейдегі банктер жәбірленушілерден 59 млн теңгеден астам берешек сомасын өндіріп алуды тоқтатты, бұл алаяқтар құрбандарының мүдделерін қорғауға мүмкіндік береді.

Кеңес қорытындысы бойынша барлық уәкілетті органдарға қылмысқа қарсы күресті жалғастыру, сондай-ақ интернет-алаяқтықтың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аудару тапсырылды.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар