жұма, 20 қыркүйек, 2024 6:45

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Өзбек әншісі Атхамбек Юлдашев Тұрсын Алагөзов сыйлаған көлікті мінуге неге қорқады

Өзбек әншісі Атхамбек Юлдашев Тұрсын Алагөзов сыйлаған көлікті мінуге неге қорқады
Сурет ашық дерекөзден алынды
Белгілі қазақстандық кәсіпкер өзбек әншісіне «Cadillac Escalade» маркалы көліктің кілтін табыстады

Бұл туралы Атхамбек Юлдашев жеке парақшасына жариялады,– деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Шымкент сыра зауытының иесі, белгілі продюсер Баян Мақсатқызының күйеуі өзбек әншісіне құрмет көрсеткен. 

«Бауырлас ел болғандықтан, қазақ халқының атынан сыйлаймын. Мен сізге ұзақ өмір, денсаулық және махаббат тілеймін», – деп тілек білдірді кәсіпкер.

Су жаңа көлікке ие болған өзбек әншісі толқып кетті. Ол қуанышын жасыра алмай, ақжарма тілегін жаудырып,  көліктің кереметтігінен тіпті мінуге қорқатынын да айтып салды.

Желі қолданушылары жомарт Тұрсын Алагөзовке алғыс жаудырса, Атхамбекке құтты болсын айтып мәре-сәре болды.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар