жұма, 14 ақпан, 2025 13:52

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Өзбекстан 1 қазанға дейін Қазақстанға 16 млрд текше метр су жібереді

Өзбекстан 1 қазанға дейін Қазақстанға 16 млрд текше метр су жібереді
Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі
Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1 млрд текше метрге артық

Бұл туралы ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Өзбекстан 1 қазанға дейін Қазақстанға 16 млрд текше метр су жеткізуді жоспарлап отыр.

Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов пен Өзбекстан Су шаруашылығы министрі Шавкат Хамраев екі ел арасындағы су ынтымақтастығын нығайту мақсатында өткен жұмыс тобының 12-ші отырысында осындай келісімге қол жеткізді.

Өткен маусымда (2023 жылдың қазанынан 2024 жылдың қазанына дейін) Қазақстанға 15 млрд текше метр су жіберілсе, биыл бұл көрсеткіш 16 млрд текше метрге дейін өседі.

Сонымен қатар, Өзбекстан Қазақстанға «Достық» каналы арқылы тұрақты су жеткізуді қамтамасыз етуге көмектеседі.

Тараптар мемлекетаралық каналдарда бірлескен жөндеу жұмыстарын жүргізуге де уағдаласты. Бұл шара Қазақстанның Түркістан облысы мен Өзбекстанның Жизақ облысындағы шаруаларға су беру сапасын жақсартады.

Сондай-ақ, кездесуде Сырдария өзеніндегі суды автоматты есепке алу жүйесін енгізу мәселесі талқыланды. Бұған дейін суды өлшейтін 10 нүкте анықталған болатын (әр ел аумағында 5 нүктеден). Енді техникалық-экономикалық негіздеме әзірленіп, ақпан айында халықаралық ұйымдармен бірлескен жұмыс тобының отырысы өтеді.
«Кездесуде талқыланған тағы бір тақырып Сырдария өзенінде суды есепке алуды автоматтандыру мәселесі болды. Осыған дейін біз есеп жүйесі орнатылатын алғашқы 10 нүктені анықтадық. Әр елдің аумағында 5 нүктеден. Бүгін біз жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу үшін техникалық тапсырманы келістік. Ақпан айында ортақ іс-қимылды талқылау үшін халықаралық ұйымдардың өкілдерімен бірлескен жұмыс тобының кездесуі өтеді»,
- деді ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар