жұма, 5 желтоқсан, 2025 14:36

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Өзбекстан павильоны EXPO-2025 көрмесінде басты дизайнерлік марапатқа ие болды

Өзбекстан павильоны EXPO-2025 көрмесінде басты дизайнерлік марапатқа ие болды
Фото: uza.uz/kz
Бұл туралы Өзбекстан Мәдениет пен өнерді дамыту қоры мәлімдеді.

Жапонияның Осака қаласында өтетін EXPO-2025 дүниежүзілік көрмесінде Өзбекстан павильоны «Көрме стендтері» номинациясы бойынша Red Dot: Best of the Best беделді дизайнерлік жүлдесіне ие болды.

 Бұған дейін павильон жайында Өзбекстан Президенті Әкімшілігінің басшысы Саида Мирзиёева айтып өткен еді.

 –  Осакада өтіп жатқан EXPO-2025 дүниежүзілік көрмесінде біз Өзбекстан павильонын зор мақтанышпен ұсынамыз. Бұл – жай ғана архитектуралық кеңістік емес, мәдениет, технология және тұрақты даму тоғысқан «Білім бағы», – деді ол.

Айта кетейік, Red Dot Award: Brands & Communication Design – дизайн және коммуникация саласындағы әлемдегі ең беделді марапаттардың бірі. Әр жылдары бұл марапатты Apple, Ferrari, Philips, LG сынды жаһандық брендтер иеленген.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар