сенбі, 22 наурыз, 2025 1:11

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Өзбекстанда іздеуде жүрген шетелдіктер Қазақстанда ұсталды

Өзбекстанда іздеуде жүрген шетелдіктер Қазақстанда ұсталды
Фото: Polisia.kz
Жедел іс-шаралардың нәтижесінде үш күдікті де ұсталып, уақытша ұстау изоляторларына қамауға алынды.

Шымкент пен Атырау әуежайларында криминалдық полиция қызметкерлері Өзбекстан аумағында қарақшылық шабуыл жасағаны үшін іздеуде жүрген үш Түркия азаматын ұстады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Polisia.kz мәліметінше, Ташкентте ер адамдар бетперде тағып, бөтен біреудің көлігін басып алуға тырысқан. Алайда жәбірленушілердің белсенді қарсылығының арқасында шабуылдаушылар өздерінің қылмыстық жоспарын жүзеге асыра алмаған. Осылайша олар оқиға орнынан ізін суытқан.

Қарақшылық жасалғаннан кейін, іздеуге жарияланбастан бұрын қаскөйлердің екеуі Атырау облысында, ал үшіншісі Қазақстанның оңтүстігінде жасырынған. Жедел іс-шаралардың нәтижесінде үш күдікті де ұсталып, уақытша ұстау изоляторларына қамауға алынды, - делінген мәліметте

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар