дүйсенбі, 12 мамыр, 2025 20:59

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Әзербайжан Каспий мен Қара теңізді жер асты тоннелі арқылы қоспақ

Әзербайжан Каспий мен Қара теңізді жер асты тоннелі арқылы қоспақ
Pixabay.com
Бұл туралы Minval.az ақпараттық порталы мәлімдеді

Әзербайжандық ADOG компаниясы мен Зира халықаралық порты Каспий мен Қара теңізді диаметрі 10 метр болатын жер асты тоннелі арқылы жалғайтын ауқымды жоба ұсынып отыр, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Идея авторларының айтуынша, тоннель Грузия немесе Ресей аумағы арқылы өтеді. Табиғи деңгей айырмасы арқасында Қара теңізден Каспийге су өздігінен ағады, яғни су айдайтын құрылғылар қажет емес.

Бастама Каспий теңізінің азайып бара жатқан су деңгейін тұрақтандыруды көздейді. Бұл экология, экономика және инфрақұрылымға қатысты қауіп-қатерлердің алдын алуға сеп болады.

Компания жоба аясында экологиялық қауіпсіздік пен биоәртүрлілікті сақтау шаралары толық ескерілетінін мәлімдеді. ADOG техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеп, қажетті ресурстарды жұмылдыруға дайын екенін жеткізді.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар