Жаңалықтар
Зейнетақы жинағын алу: 2024 жылы ең төменгі зейнетақы мөлшері қанша болады
- авторjambylinfo.kz
- 12 желтоқсан, 2023
- 561
Зейнетақы жинағын алу: 2024 жылы ең төменгі зейнетақы мөлшері қанша болады
БЖЗҚ 2024 жылға арналған зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткілікті шегін жариялады, деп хабарлайды Жамбылинфо
ТЖШ – бұл ай сайынғы зейнетақының мөлшерін ең төменгі зейнетақы мөлшерінен кем емес деңгейде қамтамасыз етуге қажетті зейнетақы жинақтарының ең төменгі мөлшері. Басқаша айтқанда, ең төменгі жеткілікті шегі – бұл салымшының зейнет жасына жеткенде ең төменгі зейнетақы мөлшерінен кем емес зейнетақы төлемдерін алуы үшін шотта қалуға тиіс ең төменгі көрсеткіш. ТЖШ есептеу Зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегін айқындау әдістемесіне сәйкес жүргізіледі. Жаңа жеткілікті шегі 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. Әдістемеге сәйкес, 2024 жылға арналған ТЖШ есептеу кезінде 2024 жылға арналған төмендегі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер1 пайдаланылды: 1) ең төменгі жалақы мөлшері - 85 000 теңге; 2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері - 28 215 теңге; 3) зейнетақының ең төменгі мөлшері - 57 853 теңге; 4) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы – 43 407 теңге.Ең төменгі жеткілікті шегінің мөлшерін бұрынғы деңгейде сақтау (2023 жылмен салыстырғанда өсірмей, өзгеріссіз қалдыру) ішінара кірістің болжамды жылдық пайыздық мөлшерлемесінің жоғарылауымен де байланысты. Осылайша, бекітілген әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер мен болжамды есептеулерді ескере отырып, 2024 жылға арналған ең төменгі жеткіліктілік шегінің мөлшері ағымдағы деңгейде сақталады, - делінген БЖЗҚ мәлімдемесінде.Мысалы, кестеге қарасақ, 20 жастағы азаматта БЗЖҚ-сында 3 млн теңгеден аса ақшасы қалуы керек.
Жасы | Зейнетақы жинақтарының төменгі жеткілікті шегі, теңге | Жасы | Зейнетақы жинақтарының төменгі жеткілікті шегі, теңге |
---|---|---|---|
20 | 3 260 000 | 40 | 6 100 000 |
21 | 3 380 000 | 41 | 6 270 000 |
22 | 3 510 000 | 42 | 6 440 000 |
23 | 3 630 000 | 43 | 6 610 000 |
24 | 3 760 000 | 44 | 6 780 000 |
25 | 3 890 000 | 45 | 6 950 000 |
26 | 4 030 000 | 46 | 7 130 000 |
27 | 4 160 000 | 47 | 7 310 000 |
28 | 4 300 000 | 48 | 7 490 000 |
29 | 4 440 000 | 49 | 7 670 000 |
30 | 4 580 000 | 50 | 7 860 000 |
31 | 4 720 000 | 51 | 8 050 000 |
32 | 4 870 000 | 52 | 8 240 000 |
33 | 5 010 000 | 53 | 8 440 000 |
34 | 5 160 000 | 54 | 8 640 000 |
35 | 5 310 000 | 55 | 8 840 000 |
36 | 5 470 000 | 56 | 9 040 000 |
37 | 5 620 000 | 57 | 9 250 000 |
38 | 5 780 000 | 58 | 9 460 000 |
39 | 5 940 000 | 59 | 9 670 000 |
- | - | 60-62 | 9 890 000 |
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
12 облыстың республикалық жолдарында шектеу қойылды
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
«1 млн. 107 600 теңге»: Жамбылдық ұстаздар ақшалай сыйақыға ие болды
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024