бейсенбі, 26 желтоқсан, 2024 16:02

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Жұбайымнан қарапайымдылықты үйренуім керек»: Бүркіт енесіне су жаңа автокөлік сыйлады

«Жұбайымнан қарапайымдылықты үйренуім керек»: Бүркіт енесіне су жаңа автокөлік сыйлады
Ашық дереккөз
Көпшілікке Бүркіт атымен танымал әнші Айбек Жанпейісов енесіне тосынсый жасады. Ол Аишаның анасына жаңа көліктің кілтін табыстады – деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

“Мен жұбайымнан әлі көп нәрсе үйренуім керек екен. Сахнада екеуміз жүрген соң, бұл Аишаның өз анасына сыйы. Иә, түсінемін, үй иесі мен болғанмен, анасы ғой. Мен “бұл қызыңыздың сізге сыйлаған сыйы” деп айттым. Аишанікі не деген қарапайымдылық десеңші. “Жоқ, бұл Айбек жасаған сыйлық, нақты өзінің бастамасы” деп шетте тұр. Мен біртүрлі сезімде болдым, шынымды айтсам… Басқа адам болса, “да мама , это мой тебе подарок!” деп кеудесін қағар еді. Аллаһыма маған осындай жар сыйлағанына рахмет! Жұмада жасаған игі ісіміз. Сондықтан, мен жұбайымнан әлі де қарапайымдылыққа үйренуім керек екен деген шешімге келдім”, - деп жазды ол.

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар