Жұманғарин блогерлердің салық төлеуі туралы: "Ешкімге жеңілдік болмайды"
- авторjambylinfo.kz
- 5 наурыз, 2025
- 401

Ұлттық экономика министрі Мәжіліс кулуарында 15 блогерге 1,5 миллиард теңге қосымша салық есептеліп, оның 75 миллион теңгесі бюджетке төленгенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
"Қазір бұл тек ірі салық төлеушілер мен құрылыс компанияларына ғана қатысты емес. Негізінде, мұндай жағдайлар өте көп, және бұл – Мемлекеттік кірістер комитетінің жұмыс істеу тәсілінің бір мысалы", – деді Серік Жұманғарин.
Министр қоғамда белгілі бір компанияларға ерекше жағдай жасалады деген пікірмен келіспейтінін айтты.
"Көбіне, ұсақ және орта бизнеске ғана бақылау жасалып, ал кейбір компаниялар салықтан босатылғандай көрінеді. Бірақ нақты айтарым – ешкімге жеңілдік жасалмайды, бәрі салық төлеуге міндетті. Бұл үшін барлық заңды шаралар қолданылады", – деп атап өтті Серік Жұманғарин.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз