дүйсенбі, 25 қараша, 2024 11:41

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жұмыспен қамтуға 300 млрд теңге бөлінді

Жұмыспен қамтуға 300 млрд теңге бөлінді
ашық дереккөзі
Жұмыспен қамтуға 300 млрд теңге бөлінді
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Жұмыспен қамтудың жол картасын (ЖҚЖК) іске асыру барысы қаралды.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасы Айдар Әріпханов, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов, Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов баяндама жасады. «Жұмыспен қамтудың жол картасын іске асыру жұмыс орындарымен қамтамасыз ету және халықтың әл-ауқатын жақсарту бойынша өзінің жоғары тиімділігін көрсетті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Жұмыспен қамтудың жол картасының 2021 жылға арналған бағдарламасын кеңейтуді қоса алғанда, кешенді шаралар қабылданды»,  деді А. Мамин. Премьер-Министр биыл ЖҚЖК орындау аясында инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру, кәсіпкерлік пен аграрлық секторды дамыту арқылы тұрақты жұмыс орындарын құруға ерекше назар аударылатынын атап өтті. Өңірлерде жолдарды, медициналық және білім беру ұйымдарын салуға және жөндеуге бағытталған 127,5 млрд теңгеге инфрақұрылымдық жобалар іске асырылатын болады. «Атамекен» ҰКП мен әкімдіктердің қатысуымен микроқаржы ұйымдары арқылы 22,5 млрд теңге сомасына бизнес-жобаларды қаржыландыру жоспарлануда. Өңірлерде кәсіпкерлікті дамытуға 50 млрд теңге бағытталады. Агроөнеркәсіптік кешеннің инвестициялық жобаларын қаржыландыруға «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ арқылы 100 млрд теңге бағыттау жоспарлануда. «Жалпы, Жұмыспен қамту жол картасын іске асыруға биыл 300 млрд теңге бөлінді, 35,6 мың жұмыс орны, оның ішінде 20 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны құрылады»,  деді А. Мамин. Үкімет басшысы Жұмыспен қамту жол картасының барлық бағыттарын сапалы әрі уақытылы іске асыруды, сондай-ақ инвестициялық жобаларды қаржыландыруды қамтамасыз етуді тапсырды. Ауыл шаруашылығы министрлігіне Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен, сондай-ақ басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, ауыл шаруашылығы жобаларын қаржыландыру жөніндегі іс-шаралардың тиімділігін бағалау критерийлерін әзірлеу тапсырылды.
 
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар