Жаңалықтар
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы тағайындалды
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2023
- 341
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы тағайындалды
Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Келесов Еркін Егембердиевич Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Еркін Егембердіұлы 1964 жылы Тараз қаласында туған.
Ол 1993 жылы Шымкент кәсіптік училищесін «өнеркәсіп кәсіпорнының бухгалтері», 2000 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «бухгалтерлік есеп және аудит» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1993 жылы Жамбыл облысы бойынша салық инспекциясында аға салық инспекторы болып бастаған.
Әр жылдары Жамбыл облысы бойынша салық комитетінде бөлім бастығы, салық департаментінде басқарма бастығы, Байзақ ауданы бойынша салық басқармасының бастығы, Тараз қаласы бойынша салық басқармасының бастығы, Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің жетекші маманы, Жамбыл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы лауазымдарында еңбек еткен.
2022 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің жүмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы, 2023 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін облыс әкімдігінің мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы қызметін атқарып келді.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Биыл өңірлерде 90 жаңа денсаулық сақтау нысаны салынды
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
«1 млн. 107 600 теңге»: Жамбылдық ұстаздар ақшалай сыйақыға ие болды
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024