сәрсенбі, 23 қазан, 2024 5:34

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Жұмыстан себепсіз қалған». Білім басқармасы Түркиядағы демалыстан кейін жұмыстан босатылған ұстаздарға қатысты пікір білдірді

«Жұмыстан себепсіз қалған». Білім басқармасы Түркиядағы демалыстан кейін жұмыстан босатылған ұстаздарға қатысты пікір білдірді
ашық дереккөзі
«Жұмыстан себепсіз қалған». Білім басқармасы Түркиядағы демалыстан кейін жұмыстан босатылған ұстаздарға қатысты пікір білдірді
Қызылорда облысының білім басқармасы жұмыстан босатылған екі ұстазға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz. Айта кетейік, бұған дейін хабарлағанымыздай, Білім саласында сапаны қамтамасыз ету Комитетінің төрағасы Ернұр Дәуенов әлеуметтік желідегі парақшасында бұл екі ұстаз каникул кезінде Түркия мемлекетіне барып, түнгі клубта бас көрсеткені үшін жұмыстан босатылды деп хабарлаған еді. Ал, аймақтық білім беру басқармасының мәліметінше, ол екі ұстаз демалыстары аяқталған соң жұмыстан себепсіз қалған.

«Басқармаға қарасты Қызылорда облысы, Қармақшы ауданындағы №250 мектеп-лицейінде жұмыс жасаған мұғалімдер ақысыз демалыс алған күндерінен бөлек, 2-5 жұмыс күндері аралықтарында белгісіз себептермен, ескертусіз жұмыстан қалған. Сол себепті ҚР Еңбек кодексінің 49 бабы, 5 тармағына сәйкес өз арыздарымен жұмыстан босатылғандығын жеткіземіз», - деп хабарлады Қызылорда облысы білім басқармасының баспасөз қызметі.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар