Жаңалықтар
"Жәнібек Әлімханұлы ауруханада жатыр": жерлесіміздің жексенбідегі жекпе-жегі өтпейтін болды
- авторjambylinfo.kz
- 12 шілде, 2024
- 1.6k
Жәнібек Әлімханұлы 14 шілде күні жаңазеландиялық Андрей Михайловичке қарсы кездесу өткізуі тиіс еді
Кәсіпқой бокстан орта салмақта WBO/IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы ауруханаға жатыр. Бұл туралы Top Rank промоутерлік компаниясы мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
1bol.kz сайтының жазуынша, Жәнібек Әлімханұлы салмақ қуу кезінде талып қалып, ауруханаға түскен.
Осылайша, 14 шілде күні Лас-Вегаста (АҚШ) жаңазеландиялық Андрей Михайловичпен кездесу өтпейтін болды.
Бұл кештегі басты айқас жеңіл салмақ өкілдері Раймонд Мураталла - Тевин Фармер арасында өтеді.
WBO және IBF ұйымдарының ресми мәлімдемесі кейіннен шығады.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала