Жаңалықтар
Жәнібек Әлімханұлы орта салмақта WBO-дың толыққанды әлем чемпионы атанды
- авторjambylinfo.kz
- 27 тамыз, 2022
- 202
Жәнібек Әлімханұлы орта салмақта WBO-дың толыққанды әлем чемпионы атанды
Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) ресми қаулы шығарды, онда қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлын орта салмақтағы WBO-дың толыққанды әлем чемпионы деп жарияланған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Титулдың бұрынғы иегері Деметриус Андраде Жәнібек Әлімханұлына қарсы жекпе-жекте титулды қорғаудан бас тартты. Оның орнына америкалық екінші орташа салмаққа өтіп, британдық Зак Паркермен «уақытша» WBO белбеуі үшін айқасуға шешім қабылдады. Ұйым мұндай жекпе-жекке рұқсат беріп, тараптарға келіссөз жүргізуге уақыт берді.
Осылайша, WBO ережелері бойынша Жәнібек Әлімханұлы «уақытша» чемпионнан орта салмақта WBO нұсқасы бойынша толық құқылы әлем чемпионы мәртебесін алды.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Доллардың 27 тамыздағы ресми бағамы белгіленді
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Нұрсұлтан Назарбаевтың келіні Светлана Назарбаева қайтыс болды
- авторjambylinfo.kz
- 22 қазан, 2024