Жүректерге сыйланған жылулық
Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы мен «Қазақ соқырлар қоғамы» бірлесіп 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай бір күні бойы кітапханада адамзаттың әдемі бөлігі саналатын, облыстағы көз жанарынан айырылған зағип аналардың құрметіне мерекелік кеш өткізіп, дастархан жайды.
Олар тағдырдың маңдайға жазуына орай жанардан айырылып, соған қарамастан өмірдің қиындықтарына мойымай, жанары көрмесе де еңбек етіп жүрген аяулы жандар. Өмірді көзбен көрмесе де, жүрекпен көретін, өмірді сүюге құштар жандарға қуаныш сыйлау кітапхананың алдыға қойған мақсаты.
Елімізде әйел адамның әлеуметтік қорғалуына, олардың өмір сүру деңгейін арттыруға айрықша мән беріліп келе жатқанын айтып, «Қазақ соқырлар қоғамы» тарапынан мерекелік сыйлықтар табысталды.
Зағип азаматтардың жиі бас қосатын ортақ үйі кітапхана қызметкерлері әдемі ас мәзірін дайындап, зағип аналардың рухани қажеттілігін өтеп, өнерлерін паш етті.
Кешке жиналған аяулы аналар ән шырқап, би билеп, кештің сәнін арттырды.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала