Жаңалықтар
Жаңа Қазақстан жемқорлардың капиталын күштеп қайтаратын болды
- авторjambylinfo.kz
- 26 қаңтар, 2023
- 382
Жаңа Қазақстан жемқорлардың капиталын күштеп қайтаратын болды
Жаңа Қазақстан жемқорлардың капиталын күштеп қайтаратын болды
Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің отырысында үкімет заңсыз шығарылған активтерді мемлекет меншігіне қайтару туралы заң жобасын қарады.
Мұнда активтерді заңсыз алып шығару жағдайларын жоюға, оларды өз ерікмен немесе мәжбүрлеп қайтаруды бастауға арналған ережелер кіреді. Осылайша, уәкілетті мемлекеттік органдардың ақпаратын талдау нәтижелері бойынша тұлғалар өз активтері туралы арнайы декларацияны тапсыруы қажет. Сол арқылы олардың шектеулі тізілімін қалыптастыру жоспарлануда.
Егер мүліктің иесі активтердің шығарылу жағдайын мойындай алмаса, олар негізсіз сатып алынған деп танылып, мемлекет кірісіне айналдырылады.
Ал қайтарылған активтер қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жобаларды қаржыландыруға пайдаланылмақ.
Премьер-Министр Әлихан Смайылов Әділет министрлігіне айтылған пікірлер мен ескертулерді ескере отырып, заң жобасын жан-жақты зерделеуді тапсырды.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Нәрестеге хиджама жасаған емші көпшіліктің ашуын туғызды
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Бас прокурор: "Азаматтардың құқығын қорғау – басты назарда"
- авторСадуақас Айсұлу
- 5 желтоқсан, 2025
Жаңалықтар
Геннадий Головкин Халықаралық бокс Даңқ залына енген тұңғыш қазақ атанды
- авторБақытжан Бекболат
- 5 желтоқсан, 2025






