жексенбі, 24 қараша, 2024 21:39

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жаңа құрылғылардың мүмкіндігі жоғары

Жаңа құрылғылардың мүмкіндігі жоғары
ашық дереккөзі
Жаңа құрылғылардың мүмкіндігі жоғары
Жамбыл облысында жол ережесін бұзуды тіркейтін жаңа аппараттық-бағдарламалық кешендер таныстырылды. Жаңа құрылғылардың мүмкіндігі жоғары: үш қатар жолаққа бақылау жасап, автокөліктерді 150 метр қашықтыққа дейін тіркей алады. «Жол апаттарының орын алуының ең көп таралған себебі – жылдамдықты арттыру. Сондықтан, жүргізушілердің жауапкершілік деңгейлерін жоғарылату үшін техникалық бақылау құралдары қолданылады. Бүгінгі таңда Жамбыл облысында 3 «Интегра» аппараттық-бақылау кешені, 4 «Red speed», 38 «Автоураган» АБК, сондай-ақ «Hyundai» маркалы автокөліктер базасында 4 мобильдік «Автоураган» және «JAC» маркалы автомобильдер базасында 10 «Арқан» жүйесі жұмыс істейді», - дейді  облыстық Полиция департаментінің бастығы Жанат Сүлейменов. Қазіргі таңда Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлері «KAZ-STS» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жол қозғалысы ережелерінің бұзушылықтарын тіркеуге арналған аппараттық-бағдарламалық кешендерінің мүмкіндіктерін зерделеуде екен. Компания өкілдері жол қозғалысы ережелерін бұзуды және іздеуде жүрген көлік құралдарын анықтай алатын «Кибер-Шериф» аппараттық-бағдарламалық кешенін таныстырды. «Кибер-Шериф» жүйесі осыған ұқсас басқа жүйелерге қарағанда өте тиімді. Мәселен, «Арқан» жүйесі бұзушылықты бір орында тұрып тіркесе, «Кибер-Шериф» автокөлікті қозғалыс кезінде тіркей алады, сонымен қатар, панорамалық түсірілім жасау мүмкіндігіне ие.  «Оракул» жылжымалы кешенінің де мүмкіндігі зор. Ол кез-келген көлік құралын 150 метрге дейінгі қашықтықта тіркейді, жолдың бір бағытында және қарсы бағытта үш жолаққа дейін бақылау жасайды, қозғалыс жылдамдығын 350 км/сағатқа дейін өлшейді. Департамент басшысы мұндай инновациялық технологияларды енгізу облыс жолдарындағы жағдайға талдау жасауға мүмкіндік беретінін атап өтті. «Бұл ретте, біздің мақсатымыз – құқық бұзушыларды жазалау емес, жол-көлік оқиғаларының санын азайту екенін айтқым келеді», - деді ол. Фарида Базарбаева
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар