жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 2:25

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жаңа туған сәбиден коронавирустың жаңа штамы анықталды

Жаңа туған сәбиден коронавирустың жаңа штамы анықталды
ашық дереккөзі
Жаңа туған сәбиден коронавирустың жаңа штамы анықталды
  Швед ғалымдары жаңадан туған сәбиден SARS-CoV-2 коронавирусының жаңа мутациясын анықтады. Оның анасынан коронавирус анықталған, - деп хабарлайды РИА Новости. Тhe Conversation мәліметінше, аяғы ауыр әйел Мальме ауруханасына іші ауырсына бастағаннан кейін жеткізілген. Баланың жүрек соғысы жылдам болып, оттегі жетіспеген. Әйел кесарь тілігі арқылы босанып, коронавирусқа талдау жасалды. Баладан да, анасынан да коронавирус анықталған.
Мамандар бала коронавирусты туғанға дейін жұқтырғанын анықтаған. Алғашқы талдау анасында да, баласында да вирус бірдей екенін көрсеткен, алайда бірнеше күннен кейін дәрігерлер сәбиде анықталған инфекция популяциясы өзгергенін байқаған. Балада коронавирустың жаңа штамы анықталған. Ғалым, акушер-гинеколог Мехрен Зайгамның айтуынша, жаңа штамм бала туғаннан кейін бес күннен соң пайда болған. Зайгам вирус бала қоршаған ортамен байланысқа түскеннен кейін өзгеріске ұшырауы мүмкін екенін айтады. Баланың анасы вирусты жеңіл өткерген, ол төрт күннен кейін ауруханадан шығарылған. Алайда бала мерзімінен бұрын туғандықтан оған неонатал көмек қажет болған.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар