....

....

бейсенбі, 22 ақпан, 2024 9:54

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

Жаңа жылда қанша күн демалыс беріледі?

Жаңа жылда қанша күн демалыс беріледі?
ашық дереккөзі
Жаңа жылда қанша күн демалыс беріледі?
Еңбек және халықтың әлеуметтік қорғау министрлігі 2024 жылғы қазақстандықтар Жаңа жыл мерекесінде қанша күн демалатыны туралы айтты, деп хабарлайды Жамбылинфо  El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. Жаңа 2024 жылға арналған ресми демалыс күндері – 1, 2 қаңтар. 2023 жылдың соңғы сенбі-жексенбісі 30 және 31 желтоқсанға сәйкес келеді. Осылайша, аптасына 5 күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 4 күн қатарынан демалысқа шығады. Алты күндік жұмыс аптасындағылар үшін 30 желтоқсан ресми жұмыс күні болып саналады. 3,4,5 қаңтар – жұмыс күні. Ал 7 қаңтар – Рождество мерекесі жексенбі болғандықтан, қосымша демалыс күні берілмейді. Сәйкесінше, 5 күн жұмыс істейтіндер 6,7 қаңтарда әдеттегідей демалады.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Ұқсас жаңалықтар