жексенбі, 17 қараша, 2024 17:28

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жаңадан 10 қоғамдық кеңес құрылды

Жаңадан 10 қоғамдық кеңес құрылды
ашық дереккөзі
Жаңадан 10 қоғамдық кеңес құрылды
Өңірдегі «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асырудың Жол картасының орындалуына қоғамдық бақылау жүргізу үшін құрылған  қоғамдық кеңестердің құрамы негізінен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен азаматтық қоғам белсенділерінен жасақталды. Қоғамдық кеңестердің қызметіндегі жариялылықты, ашықтықты қамтамасыз ету үшін олардың мүшелігіне әлеуметтік желінің белсенді қолданушылар мен БАҚ өкілдері де тартылды. Бұл туралы облыс әкімі, «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының төрағасы Бердібек Сапарбаевтың қатысумен өткен Саяси кеңесі Бюросының отырысында партия облыстық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Дауыл Бейсенқұлов мәлімдеді. Баяндамашының айтуынша қоғамдық бақылау жүргізу үшін жаңадан 10 қоғамдық кеңес құрылған.  Аталған кеңестерге барлығы 127 адам мүшелікке өткен. Саяси кеңестің отырысында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы партияның сайлауалды бағдарламасының маңыздылығына тоқталды. – 7 негізгі басымдықтан тұратын өңірлік сайлауалды бағдарламаны іске асырудың Жол картасын орындау әрқашан облыс әкімдігінің басты назарында. Бағдарлама жүктеген маңызды міндеттерді жүзеге асыруға менің орынбасарым Талғат Мамаев жетекшілік ететін жұмысшы топ жауапты. Бұл топқа жергілікті атқарушы органдардың басшылары, аудан және Тараз қаласының әкімдері мүшелікке өткен. Партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыру барысы апта сайын арнайы кеңесте қаралып, ондағы өзекті мәселелерге назар аударылады. Ендігі кезекте осы жұмыстарға қоғамдық бақылау жүргізу үшін партия облыстық филиалы жанынан қоғамдық кеңестер өз жұмысын бастағалы тұр, – деді Бердібек Машбекұлы. «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының төрағасы Бердібек Сапарбаев жаңадан құрылған қоғамдық кеңестерден жергілікті атқарушы органдардың жұмысын жетілдіру бағытында және болашақ сайлауалды бағдарламаны түзуге қатысты ұсыныстар күтетінін жеткізді. Фарида Базарбаева
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар