дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 2:33

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жаңалықтар "Енді аузымызға арақ алмаймыз": Түркістанда 7 бірдей ауыл ішімдіктен бас тартты

Жаңалықтар "Енді аузымызға арақ алмаймыз": Түркістанда 7 бірдей ауыл ішімдіктен бас тартты
Фото:Ulysmedia.kz.
Түркістан облысының Сайрам ауданында жеті ауылдың тұрғындары "арақ - атамыздан қалған ас емес" деген қағиданы ұстануға көшкен, -деп хабарлайды Jambylinfo kz Ulysmedia.kz.-ке сілтеме жасап.

«Мұндай жағдай аудан аумағында бұрын-соңды болған емес. Қазір жеті ауылдағы 30 дүкеннің бірде-бірінен алкогольді ішімдік сатылмайды. Бұл ұйғарымға келу ең дұрыс шешім болды»,- дейді ауыл ақсақалдары.

Бұған дейін ішімдіктен бас тартқан бірен-саран ауылдар бар. Бірақ, бір ауылдық округке қарайтын жеті елдімекеннің бірден алкогольді сусынға шек қоюы өңірде алғаш рет болып отыр. Қайнар бұлақ округіне қарасты 7 ауыл түгел бір шешімге келген. Олар Таскешу, Әсіларық, Қасымбек датқа, Тоған, Шіркін, Ошақты және Құрлық ауылдары. Ауыл ақсақалдары жыл басында дүкендерді аралап түсіндірме жұмыстарын жүргізген. Рамазан айында бәрі нәтиже шығарып, спирттік ішімдікті сатуға тыйым салыпты.

Жалпы еліміз бойынша бүгінге дейін 97 ауыл тұрғындары өз еркімен ішімдіктен бас тартқан. Соның нәтижесінде кейбір елдімекенде тіпті соңғы 3 жылда бірде-бір рет қылмыс тіркелмепті.

Олардың ішінде Қарағанды облысында – 50 ауыл, Түркістан облысы – 7 ауыл, Қостанай облысы – 6 ауыл, Ақтөбе облысы – 5 ауыл, Жамбыл облысы – 5 ауыл, ШҚО – 4 ауыл, Қызылорда облысы – 3 ауыл, Ұлытау және Батыс Қазақстан облыстары – 2 ауыл, Маңғыстау, Жетісу, Павлодар облыстары – 1 ауылдан бар.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар