Жаңалықтар
Жалға берілетін тұрғын үйді субсидиялауға өтінім қабылдайтын платформа іске қосылды
- авторjambylinfo.kz
- 18 сәуір, 2022
- 144
Жалға берілетін тұрғын үйді субсидиялауға өтінім қабылдайтын платформа іске қосылды
🏠Жалға берілетін тұрғын үйді субсидиялауға өтінім қабылдайтын платформа іске қосылды Бұл – қаңтардағы оқиғалардан кейін қабылданған шешім. Субсидиялау бағдарламасының 17 мың қатысушысы «Отбасы Банк» АҚ-нан тестілеуге қатысу туралы SMS-шақырту алды. Сәуір айының ішінде олар онлайн режимде өтінім тапсырып, банк мақұлдауын алуы қажет. Оны otbasybank.kz порталында («Баспана маркет» маркетплейсі) «Жалға алу ақысын субсидиялау» бөлімінде жасайды. Жалдау ақысын субсидиялау бағдарламасының шарттарына сәйкес келетін барлық қазақстандықтар мамыр айында otbasybank.kz платформасында өтінім бере алады.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз