дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 12:07

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жалған қоңырау шалсаңыз, жауапкершілікке тартыласыз.

Жалған қоңырау шалсаңыз, жауапкершілікке тартыласыз.
ашық дереккөз
07.10.2024 жылы 18 сағат 17 минутта Жаңатас қаласында көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде үйдің шатыры өртеніп жатыр деп 101 кезекші нөміріне В есімді азамат хабар берді.

Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында құтқару қызметінің бірыңғай нөмірі «101» мен «112» болып енгізілген. Дер кезінде өртке қарсы қызметті шақырту – адам өмірі мен дүние-мүлкін құтқарады.

Алайда бүгінгі күнде аталмыш нөмірге қоңырау шалу еркелік пен ойынға айналуда. Жалған қоңырауды екі топқа бөлуге болады: «қателікті» және «әдейі». «Қателікті» шалынған қоңырауға шақырушының су буын, басқа жұмыстардың нәтижесінде пайда болған түтінді үлкен қашықтықтан өрт ретінде қабылдауын жатқызуға болады.

Мамандандырылған қызметтерді «жалған», «әдейі» шақыру заң бойынша жазаланады. Осыған байланысты, арнайы шұғыл қызметтерді телефон арқылы жалған шақыру, басқа мақсаттар үшін пайдалансаңыз, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылатыныңызды ескертеміз.

Аудандық өрт сөндіру бөлімі бұзақыларды қазіргі заманғы техникалық құралдар арқылы тез әрі оңай анықтай алатынын мәлімдейді.

Айта кетейік, 07.10.2024 жылы 18 сағат 17 минутта Жаңатас қаласында көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде үйдің шатыры өртеніп жатыр деп 101 кезекші нөміріне В есімді азамат хабар берді.

Оқиға орнына Жаңатас қаласы #16 ӨСБ-ден 1 техника АЦ-5-40 құрамында 3 қызметкер және ТЖ бөлімінен 1 техника Нива автокөлігі құрамында 3 қызметкер шығып, анықтау барысында аталған факті анықталмады.
Аудандық Төтенше жағдайлар және полиция бөлімінің қызметкерлерімен жедел іздестіру іс-шарасы барысында кінәлі тұлғаның жалған ақпарат бергені расталды.
ҚР ӘҚБтК 438/1 бабына сәйкес жалған хабар бергендігі үшін жоғарыда көрсетілген азаматқа 15 АЕК әкімшілік айыппұл салынып, ары қарай полиция қызметкерлеріне табысталды. 

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар