дүйсенбі, 25 қараша, 2024 4:35

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жалған ПТР анықтамасын сатқан студент ұсталды

Жалған ПТР анықтамасын сатқан студент ұсталды
ашық дереккөзі
Жалған ПТР анықтамасын сатқан студент ұсталды
Алматыда ПТР нәтижелерін қолдан жасап сатқан медицина университетінің студенті жауапкершілікке тартылды.

Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде жеке медициналық орталықтың егу бөлмесінде медициналық қызметкер болып жұмыс істейтін 25 жастағы Х. есімді медицина университетінің студенті ұсталды. «Бізге келіп түскен жедел ақпаратты біз бірнеше күн бойы тексердік. Нәтижесінде, бұл ақпарат расталды. Күдікті өз қызметін 20 мың теңгеге бағалаған. Аталған факт бірыңғай сот алды тергеу реестріне ҚР ҚК 385-бабы 1-тармағы бойынша тіркеліп, қылмыстық іс қозғалды. Өз кінәсін толық мойындап отырған Х. есімді азамат тек қана бір рет жалған ПТР нәтижесін жасағанын алға тартып отыр. Тергеу барысында оның қанша адамға жалған құжат дайындап бергендігін анықтайтын боламыз», деп мәлімдеді Алматы қаласы ПД-нің Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.
 
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар