Мұражай 1931 жылы ашылды 1978 жылы жаңа ғимаратқа көшірілді.
Тарихи деректер
Тараз қаласында 1931 жылы қалалық дәрежедегі облыстың басты мұражайының негізі қаланды. Облыстық дәрежесін ол 40 жылдардың соңында алды. 1978 жылы мұражай қаланың орталығындағы үш қабатты ғимаратқа көшірілді. Қазіргі уақытта мұражайдың қорында 40 мыңнан астам экспонат: археология, нумизматика, этнография пәнінің коллекциясы, құжаттар, фотографиялар және т.б. бар. Мұражай коллекциясы қазақстандық ғалымдар мен қоғамдық қорларының археологиялық экспедицияларындағы экспонаттармен толықтырылып отырды.
2002 жылы Тараздың 2000 жылдық мерейтойының қарсаңында мұражай толығымен қайта салынды. Үш жаңа ғимарат пайда болды: «Тас мұсіндер және ежелгі түркі жазбаларының мұражайы», «Тараз-2000», «Л. В. Брюмердің шығармашылық мұражайы».
Әр түрлі бөлімдерінде Қаратау тауларында табылған тас қарулар коллекциялары, адам қалдықтары, қола орақ, сақ мерзімінің олжалары, сонымен қатар, палеонтологиялық коллекциялар: тастанған ағаштар, теңізде тіршілік еткендердің қалдықтары, үлкен жануарлар сүйектерінің қалдықтары және көптеген басқа да заттар сақталады. Суармалы және суармайтын керамикадан жасалған бұйымдардың, ас үй аспаптарының коллекциясы, кіші және үлкен пішінді әр түрлі ыдыстар, құмырлар, жарықшамдар, конус-сфералар, ерекше сақтауға арналған ыдыстар, қола бұйымдар және т.б. көп. Тас мүсіндер және ежелгі артефакттар жиналған ежелгі түрік жазбаларына арналған бірегей павильон қонақтардың ерекше қызығушылығын тудырады.
Мұражайдың үшінші павильоны - екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Қазақстанға жер аударылып жазаланған бірегей суретші Л. В. Брюмердің шығармашылығына арналған зал да өте қызықты. Кез-келген ауа-райында біресе саябақтан, біресе қала даңғылынан немесе өзен жағалауынан үлкен қолшатырымен және этюднигімен көруге болған бұл қарт суретшіні ересек жастағы қала тұрғындары әлі де еске алады.
Бүгінгі күні Л. В. Брюмердің арқасында, залға келушілер жарты ғасыр бұрынғы Тараз-Жамбылға қайтып келіп, оның пейзаждарының әсемдігіне сүйсіне алады.
Мұражай қоры
Мұражай залдарының жалпы аумағы 1492 м2. Олардың бірқатары Италия, Астана, Алматы қалаларында болған көрмелерде көрсетілді. Мұражай қызметкерлері 1991-2001 жылдары Археология институтының археологтерімен біріге отырып, облыс территориясындағы көне тарихи орындарында археологиялық қазба жұмыстарын жүргізді. Осы бағыттағы жұмыстардың нәтижесінде 1994-97 ж. көне Тараз орнынан қаланың б.з. 1 ғ-ында болғандығын дәлелдейтін көптеген заттар: үйлердің қабырғалары және кейінгі дәуірлерге қатысты теңгелер (20 дана), тереңд. 6 м құдық, пеш және су құбырлары, ыдыс-аяқ, шырақтар, ұршық бастар, Тараздың қола теңгелері (8 дана), оның ішінде 7-8 ғ-ларға жататын ортасында төртбұрышты саңылауы бар соғды теңгелері табылды. Мұражайға “балбал тастар” деп аталатын тас мүсіндердің бірегей тобы қойылған. Олардың жалпы саны 70-тен астам. Мұражайдағы өте сирек кездесетін экспонаттың бірі — сақ жауынгерлерінің дулығасы. Ол қоладан жасалынған, б.з.б. 6-5 ғ-ларға жатады. Сақ заманынан сақталған биік тұғырлы қола қазандар да назар аудартады.
1972 жылы Тараз қаласындағы Орталық базар аумағын қазу жұмыстарының барысында ер адамның қола мүсіні табылды. 1976 жылы Орталық спорт алаңын салу үшін жүргізілген құрылыс жұмыстарының кезінде табылған қоладан жасалған үнді бишісінің мүсіні де осы мұражайда тұр. 1995-96 жылдары мұражай директоры К. Байбосыновтың жетекшілігімен Ұлы Жібек жолы бойындағы қалалардың орындарына және сақ, үйсін қорғандарына қазба жұмыстары жүргізілді. Қорғандардан тас, қола моншақ, жебенің ұшы, ілгіштер табылды. Төменгі Барысхан қалашығының орнынан бөлме, зал сылақтарының оюлы, әшекейлі сынықтары кездесті. Шахристаннан әр түрлі пішінді ас пісіретін қазандар, шыны бұйымдар, түрлі түсті моншақтар мен сырға, түркі теңгесінің табылуы үлкен олжа болды. 8 ғ-ға жататын Ақыртасты қазу жұмыстары 1996 жылдан бері жүргізіліп келеді. 1998 жылғы зерттеуде ұзындығы 16 м, ені 6 м, 6 бөлмеден тұратын керуен сарайдың орны, бір бөлмесінен сырға, ыдыс сынықтары және өлшемі 25х25 см күйдірілген кірпіш, су құбырлары табылды. Мұражай қоры, негізінен, қазба жұмыстарынан табылған заттармен толығып отыр. Мұражай қорында Тараз қаласына жер аударылып келген неміс халқының көрнекті суретшісі Л.В. Брюммердің сыйға тартқан үлкенді-кішілі 1000-ға тарта жұмыстары да сақтаулы. Мұражайға, сондай-ақ, қазақ халқының көне саз аспаптары (сазсырнай, шаңқобыз) мен ер-тұрман әбзелдері, қолөнер туындылары қойылған.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Садақ ату сәнге айнала ма?
Ұқсас жаңалықтар
Ербол Қарашөкеев: «Тойымыз кішігірім асханада өтті»
- авторСадуақас Айсұлу
- 18 желтоқсан, 2024
Қайсар Бекенов ҚФФ басқарушы директоры қызметіне тағайындалды
- авторСадуақас Айсұлу
- 18 желтоқсан, 2024