Жамбыл облысы, Шу ауданында баспанасы өртенген композиторға ауылдастары көмектесіп, үйін жөндеп берді
- авторjambylinfo.kz
- 6 наурыз, 2024
- 698
ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, композитор Серік Әденовтың үйі 27 қаңтар көні өртке оранған. Оқиға орын алған күні дер кезінде шешім қабылдаған ауыл тұрғындары асар жасап, небары 1 айдың ішінде өнер иесінің үйін қалпына келтіріп берген, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Көктөбе ауылдық қоғамдық кеңестің хатшысы Данияр Жұмабековтың айтуынша, өрт 27 қаңтар күні электр желісініңтұйықталуынан шыққан. Оқиға орын алған аумаққа жиылған көпшілік дәл сол күні «Асар» комиссиясын құрып, іс басындағы құрылыс пен қаржыға жауапты тұлғаларды сайлаған. 1 айға созылған жұмыс кезінде күн сайын 10-ға тарта адам жұмылдырылған. Жалпы үй ішін жаңғыртуға 3 миллионнан аса қаржы жиналған.
- Көктөбе ауылдық Қоғамдық Кеңестің Асар комиссиясында қаражатты бақылап қарап кеңес беріп отыратын 10 адам мүше. Ауыл ақсақалдар кеңесінің төрағасы Бақтыбек Жаманұлов ағамыз құрылыстың жүргізілуін қадағалап ақыл кеңесін айтып отырды. Ал қаражатқа жауапты Есеналиев Шыңғыс кіріс шығыс есебін жүрігзіп отырса, Саурықов Мұрат ағамыз құрылыстың жүргізілуі мен құрылыс материалдарын кедергісіз жеткізіліп жұмыстың тоқтамай істелуін қадағалады. Мен ағалармен кеңес құра отырып, күн ара ауылдың ватсап группаларына есеп беріп отырдым,- дейді Данияр Жұмабеков
Данияр Жұмабековтың сөзінше, мұндай жағдайлар ауылда бұған дейін де болған. Ел бірлігінің арқасында бәрін еңсеріп келеміз дейді ауыл тұрғыны.
- 2021 жылы біздің ауылда 2 үй өртенген. Сол кезде ел болып жиналып, асар жасап, ауылдасымызды үйіне 27 күнде кіргізгенбіз,- деді Шу ауданының әлеуметтік экономикалық дамуына үлес қосып қосып жүрген белсенді азаматы
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз