....

....

сенбі, 24 ақпан, 2024 6:16

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

Жамбыл облысы жаңартылатын энергия көздерінің қуаты бойынша республикада көшбасшы орында

Жамбыл облысы жаңартылатын энергия көздерінің қуаты бойынша республикада көшбасшы орында
ашық дереккөзі
Жамбыл облысы жаңартылатын энергия көздерінің қуаты бойынша республикада көшбасшы орында
ҚР Энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов Жамбыл облысының тұрғындарымен есептік кездесуін өткізді. Өз сөзінде вице-министр Жамбыл облысы жаңартылатын энергия көздерінің қуаты бойынша республикада көшбасшы орында екенін атап өтті. Өңірде жалпы қуаты 441 МВт болатын 19 жаңартылатын энергия көздері объектісі жұмыс істейді, оның ішінде қуаты 251 МВт-тан асатын 5 күн электр станциясы, қуаты 176 МВт құрайтын 9 жел электр станциясы және қуаты 15 Мвт болатын 5 гидроэлектр станциясы бар.Сондай-ақ, 2025 жылға дейін жиынтық қуаты 120 МВт болатын 2 ЖЭК объектісін іске қосу жоспарланған. Сонымен қатар бүгінгі таңда Жамбыл облысын газдандыру деңгейі еліміз бойынша жоғары көрсеткіштердің бірі болып табылады және 90,2% - құрайды немесе 1,1 млн. адам табиғи газға қол жеткізген. Бұл бағытта республикалық бюджеттен Жамбыл облысының әкімдігі үшін 2023 жылы республикалық бюджеттен 6 жобаны іске асыруға 5 млрд. теңге бөлінді, ал 2024 жылға арналған 5 жобаны іске асыруға 3,3 млрд.теңге көзделген, оның ішінде Мойынқұм ауданының 9 елді мекенін газдандыруды бастауға 600 млн. теңге қарастырылған. Жобаларды іске асыру нәтижесінде 39 мыңға жуық тұрғыны бар 14 елді мекен табиғи газға қол жеткізе алады. Электр және жылу энергиясымен қамтамасыз ету мәселелері де Министрліктің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Ағымдағы жылдың 11 айында өңірде электр энергиясын өндіру көлемі 4,0 млрд. кВтсағ құрады. Бұл ретте өңірді тұтыну 4,7 млрд. кВтсағ құрайды. Облыста электр энергиясының негізгі көзі «Т.И. Батуров атындағы Жамбыл ГРЭС» АҚ болып табылады, белгіленген электр қуаты 1230 МВт-қа тең, жабдықтың физикалық тозуы 82,3% құрайды. Өңірдегі негізгі жылу көзі «ТаразЭнерго Орталығы» АҚ (ЖЭО-4) болып табылады, белгіленген жылу қуаты 685Гкал, жабдықтың физикалық тозуы 92% құрайды. Сондай-ақ, Жамбыл облысына жұмыс сапары аясында вице-министр А.Жамауов «ТаразЭнерго орталығы» АҚ ЖЭО-4 және «Т. И. Батуров атындағы Жамбыл ГРЭС»-те болып, өңірдегі жылу беру маусымының өтуімен танысты. Энергия кәсіпорындары басшылығының ақпараты бойынша облыста жылыту маусымы тұрақты режимде өтуде. Есептік кездесу соңында азаматтарды жеке қабылдау өткізілді, оның аясында тұрғындар өз сұрақтарын қойып, мәселелерімен бөлісті. Тұрғындардың көптеген сұрақтары инфрақұрылымдық мәселелерге, соның ішінде үйлерді электр энергиясына, сондай-ақ жылу желілеріне қосу мәселелеріне қатысты болды.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Ұқсас жаңалықтар