Жаңалықтар
Жамбыл облысынан шыққан боксшы қыз әлем чемпионы атанды
- авторjambylinfo.kz
- 2 ақпан, 2024
- 653
Жамбыл облысынан шыққан боксшы қыз әлем чемпионы атанды
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Қазақстан боксшысы Ангелина Лукасты әлем чемпионы атағымен құттықтады, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Айта кетейік, кәсіпқой бокста ел намысын қорғап жүрген Ангелина Лукас Жамбыл облысының шыққан және ол жуырда WIBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанды. Бұл Ангелина Лукастың кәсіпқой бокстағы он алтыншы жеңісі , бұған дейін ол WBC International және UBO чемпиондық белдіктерін иеленген болатын.
«Бакудегі кәсіпқой бокс кешінде аса жеңіл салмақтағы Пәкістан өкілі Рома Юсафмен (5-1-1, 2 КО) жұдырықтасып, мерзімінен бұрын айқын жеңіске жеткен боксшымыз тек Жамбылдың ғана емес, еліміздің абыройын лайықты қорғай білді. Қыздар арасында кәсіпқой бокстан сәтті өнер көрсетіп жүрген Лукасты кезекті жеңісімен құттықтаймын және абсолютті чемпион атағына қол жеткізуіне тілектестігімді білдіремін», - деп жазды облыс әкімі өзінің ресми парақшасында.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз