сәрсенбі, 1 қаңтар, 2025 13:00

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысында 10-сынып оқушысы өзіне қол жұмсады

Жамбыл облысында 10-сынып оқушысы өзіне қол жұмсады
Фото - ашық дереккөз
Полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады

Жамбыл облысына қарасты Көкбастау ауылындағы Амангелді орта мектебінің 10-сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсады. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz  Zakon.kz cілтеме жасап.

Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. 15 жастағы жасөспірім - толық емес отбасындағы алты баланың бірі. Ауылдастарының айтуынша, оның әкесі осыдан 4 жыл бұрын көп жылғы дерттен қайтыс болған.

Оқушының неліктен мұндай қадамға барғанын полиция анықтайды. Қазір тәртіп сақшылары өзін-өзі өлтіруге итермелеу бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

"Оқиға орнында жедел-тергеу тобы, прокуратура, білім басқармасының қызметкерлері, психологтар мен Жамбыл облысы бойынша балалар құқықтары жөніндегі уәкіл жұмыс істеп жатыр".

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар