сейсенбі, 7 қаңтар, 2025 8:34

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысында 2025 жыл – кітап оқу жылы болып жарияланды

Жамбыл облысында 2025 жыл – кітап оқу жылы болып жарияланды
Коллаж jambylinfo.kz.
Бұл туралы облыс әкімі Ербол Қарашөкеев айтты

Жамбыл облысында 2025 жыл – кітап оқу жылы болып жариялануына орай «Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасының ресми ашылуы өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
 
Аталған жобаның ашылу салтанатын облыс әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы ұйымдастырған. 

Жиынға Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев, зиялы қауым, қоғам қайраткерлері, республика мен облысқа танымал ақын-жазушылар, Жамбыл облыстық пен Тараз қалалық ардагерлер Кеңестерінің төрағалары мен мүшелері, облыстық Билер Алқасының төрағасы мен мүшелері, ардагер журналистер қатысты.

Салтанатты шарада Ербол Қарашөкеев кітаптың маңыздылығын атап өтіп, Жамбыл облысында 2025 жыл – кітап оқу жылы деп жариялады. 

- Өздеріңіздің қолдауларыңызбен облыста 2025 жылы «Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасын жүзеге асырып отырмыз. Бұл үшін кешенді іс-шаралар жоспары бекітілді. Кітап қай кезде де ұлтты тәрбиелеуші басты құрал болып қала береді,- деді облыс әкімі.

Бұдан кейін облыстық журналистер одағының төрағасы Жаңабай Миллионов сөз алып, кітап оқуды жастар арасында кеңінен насихаттау керектігін айтып, аталған жобаның ел болашағы үшін маңызы зор екенін жеткізді. 

Сонымен қатар, бірқатар ақын-жазушылар ортада ақыл-ойдың кені жөнінде ойларын ортаға салып, жобаның сәтті, нәтижелі болуына тілектестігін білдірді. 

Бұдан соң облыстағы елімізге белгілі бірқатар тұлғаның кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар