Жамбыл облысында 30 шетел азаматы ел аумағынан шығарылды
- авторjambylinfo.kz
- 6 маусым, 2024
- 747
Республикалық «Заңсыз келуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында осындай түрлі заңсыз әрекеттер әшкереленді. Шетелдiктерді қабылдаушы тараптың көші-қон заңнамасын бұзуы бойынша ҚР ӘҚБтК 518-бабымен 27 хаттама толтырылып, 30 шетел азаматы ел аумағынан әкімшілік жолмен шығарылған. Сонымен қатар шетелдiк жұмыс күшiн және еңбекшi көшiп келушілерді Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып тартқаны үшін ҚР ӘҚБтК 519-бабымен 7 жұмыс беруші азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Қазақстан Республикасы Көші-қон заңнамасының талаптарын сақтау мақсатында Жамбыл облысының Полиция департаменті уақытша немесе тұрақты тұруға келген шетел азаматтарына заң ережесін сақтауға шақырды.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Париж-2024: Жолдама аз. Спортшылар үмітті ақтай ала ма
Ұқсас жаңалықтар
«1 млн. 107 600 теңге»: Жамбылдық ұстаздар ақшалай сыйақыға ие болды
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024