сенбі, 23 қараша, 2024 22:36

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысында қатты зілзала кезінде жұмыс істеуге дайын 289 пункт бар

Жамбыл облысында қатты зілзала кезінде жұмыс істеуге дайын 289 пункт бар
ашық дереккөзі
Жамбыл облысында қатты зілзала кезінде жұмыс істеуге дайын 289 пункт бар
Жамбыл облысында қатты жер сілкінген жағдайда халық барып паналай алатын 289 эвакуациялық орын бар, деп хабарлайды Jambylinfo.kz  облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. Қауіпті аймақта қандай аудандар бар? Қазақстан жер аумағының 40 пайызы сейсмологиялық қауіпті аймақта орналасқан. Алматы, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Түркістан, Абай, Жетісу облыстары, Алматы және Шымкент қалаларымен қатар Жамбыл облысы да қатты зілзала болуы мүмкін аймаққа жатады. Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Тараз қаласы мен тағы сегіз ауылдық аймақ 7-8 балдық жер сілкінісі болуы мүмкін зонада орналасқан.

«Бұл Жамбыл, Жуалы, Байзақ, Тұрар Рысқұлов атындағы аудан, Меркі, Шу, Талас және Қордай аудандары. Осы аудандардағы жалпы халық саны шамамен бір миллион адам», - дейді Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметінің жетекшісі Сәуле Мұңатаева.

Жалпы, 2-4 балдық жер сілкінісі аудан халқы үшін қауіп төндірмейді. Тіпті, жмамбылдықтар жылына бірнеше рет тіркелетін мұндай жер сілкінісін байқамай да жатады. Дегенмен, 2003 жылы Луговой елді мекенінде болған қатты жер сілкінісі ауыр зардаптарын қалдырғанын ұмытпаған жөн.
«2003 жылдың 23 мамыры күні Тұрар Рысқұлов ауданында магнитудасы 6-8 балдық жер сілкінісі болған еді. Зілзаланың эпиорталығы Луговой станциясында болды. Станциядан басқа аудан орталығы, Құлан ауылы мен Абай кенттері зардап шеккен болатын. Сол кезде 5 үй толығымен қирап, 7 мың тұрғын үйге қатты залал тиген. 18 мектеп пен 12 аурухананың ғимараты да қатты бүлініп, 21 мың адам баспанасыз қалған болатын. 29 адам зардап шегіп, үш адам қаза тапқан еді», - дейді сол кезді еске алған Сәуле Мұңатаева.
Осы және өзге де тәуекелдерді ескере отырып қазір Жамбыл облысы қатты зілзала бола қалған жағдайда халықты қорғау үшін, сонымен қатар, құтқарушыларды лезде жұмылдыру үшін нақты іс-шаралар жоспарын әзірлеген.
«Қатты зілзала тіркелген жағдайда зардап шеккен халық паналай алатын пункттер ашылады. Негізінен бұл мектеп ғимараттары, өйткені, ол жерге көп адам сыйдыруға болады. Жамбыл облысы бойынша 289 пункт бар», - дейді баспасөз қызметінің жетекшісі.
Төтенше жағдай департаментінің мәліметіне сүйенсек, Тараз қаласында 61, Қордай ауданында 50, Жуалы ауданында 73, Тұрар Рысқұлов атындағы ауданда 30, Талас ауданында 13, Меркі ауданында 36, Шу ауданында 2, Байзақ ауданында 1 пункт бар. Қажет болған жағдайда, халыққа арнап шатырлар құрылады. Жер сілкінген жағдайда қалай қорғану керек Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаментінің мамандары халыққа жер сілкінісі кезінде өзің мен жақындарыңды қорғау үшін алдымен не істеу керек екені туралы жадынама дайындаған. Соған сәйкес: 1.Жер сілкінісін сезген кезде ең алдымен байбаламға салынбау керек. Бірінші дүмпулер сезіліп, ғимарат қозғалғанға дейін 15-20 секундтай уақыт өтеді. 2. Құжаттарыңыз бен ақша, ең керек деген заттарыңызды қолға іле сала далаға сатымен шығыңыз. Жер сілкінген жағдайда лифтіге мүлде кіруге болмайды. Далаға шыға сала дәл ғимараттың жанында тұрмай, ашық алаң іздеңіз. 3.Егер қандай да бір себепке байланысты ғимараттан шыға алмай қалсаңыз, қауіпсіз орын іздеңіз. Яғни, ең берік деген бұрышқ, үйдің ішкі қабырғаларына қарай жақындаңыз. Жете алсаңыз, үйдегі үстелдің астына тығылу керек. Терезе мен ауыр жиһазға қарай жоламаңыз. Жаныңызда балаңыз болса, оны денеңізбен қорғап, құшақтаңыз. 4. Ешқашан шам, сіріңке жақпаңыз. Өйткені, зілзала кезінде газ құбырлары зақымданып, өрт басталуы мүмкін. Балконнан алыс отырыңыз. Егер жер сілкінген кезде автокөлік ішінде отырсаңыз, шықпаңыз. Бірақ, көлікті тоқтатып, күту керек. Бұл ақыл-кеңестерден басқа ТЖД мамандары әрбір азамат үйінде дабыл сөмкесін дайындап қоюы керек дейді. Яғни, әрбір үйде қандай да бір төтенше жағдайға арналған, ішіне: құжат, ақша; алғашқы медициналық көмек құралдары; құрғақ тамақ; су; жеке тазалық құралдары; сайман; киім; шам, ысқырық, сіріңке, радиоқабылдағыш сияқты керек-жарақ салынған сөмке дайын тұуы керек.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар