жексенбі, 22 желтоқсан, 2024 22:56

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысында дін саласындағы мәселелер талқыланды

Жамбыл облысында дін саласындағы мәселелер талқыланды
ашық дереккөз
Облыс әкімдігі дін істері басқармасының басшысы Сәкен Мыңбаев бұқаралық ақпарат құралдары және үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

«Өңірімізде көптеген ұлт пен оннан астам конфессияның өкілі тату-тәтті өмір сүруде. Олардың 70 пайыздан астамы дәстүрлі дін ұстанушылары. Жалпы басқарма жаһанды шарпыған діни экстремизм мен терроризмнің кез келген көріністеріне қарсы алдын алу шараларын жүргізу, өңірде мемлекеттік-конфессиялық қарым-қатынасты орнату, ел Конституциясында белгіленген зайырлылық қағидатының сақталуын қамтамасыз ету бағытында жұмыс жүргізуде. Облысымызда жалпы саны 125 адамнан тұратын 16 ақпараттық топ нәтижелі жұмыс істеп жатыр», деді басқарма басшысы.

Атап айтқанда, 1 облыстық, 5 қалалық және 10 аудандық ақпараттық-түсіндіру тобына тәжірибелі мамандар, теологтар, дінтанушылар, мешіт имамдарымен қатар қоғам белсенділері мен ардагерлер де тартылған. 2023 жылдың басынан ақпараттық-түсіндіру тобымен 4 419 іс-шара өткізіліп, нәтижесінде 127 мыңнан астам тұрғын қамтылыпты.

Айта кету керек, Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ жері ғасырлар бойы Батыс пен Шығыстың арасындағы көпір болып келетінін айтқан еді.  Оның айтуынша, Қазақстан халқы түрлі өркениеттер мен діндердің дәстүрін, төзімділік пен ашықтық қасиеттерін қабылдады. Сондықтан «бірлігіміз – әралуандықта» қағидаты еліміздің негізгі ұстанымына айналды.

– Қазіргі уақытта 100-ден астам этнос Қазақстанда өзара түсіністік пен келісім жағдайында өмір сүреді. 18 конфессияның 4 мыңға жуық діни бірлестігі еркін жұмыс істеп жатыр. Мұны біздің баға жетпес байлығымыз әрі мызғымас басымдығымыз деп санаймыз. Съездің өткізілуі – еліміз бен бүкіл әлемде диалог пен ынтымақтастықты нығайтуды көздейтін Қазақстан саясатының маңызды бағыты. Бұған дейінгі форумдарда қабылданған декларацияларда қандай идеялардың атын жамылғанына қарамастан радикализм, зорлық-зомбылық пен қақтығыстар әрдайым сынға алынды. Қазіргі күрделі жағдайда діни көшбасшылардың бір үстел басына отырып, кез келген қайшылықты еңсеретін ізгі амалдың үлгісін күллі әлемге көрсетуі аса маңызды.  Менің ойымша, біздің съездің басты миссиясы мен ерекшелігі осында, – деді Президент. 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар