....

....

сенбі, 24 ақпан, 2024 5:37

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

Жамбыл облысында екі ер адам зираттардың қоршауын тонап келген

Жамбыл облысында екі ер адам зираттардың қоршауын тонап келген
ашық дереккөзі
Жамбыл облысында екі ер адам зираттардың қоршауын тонап келген
Тараз қаласының екі тұрғыны зират басындағы темір қоршауларды тонап жатқан сәтінде қолға түсті, деп хабарлайды Жамбылинфо. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай екі күдікті Тараз қаласының 31 және 34 жастағы екі тұрғыны. “Жамбыл аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары аумақты патрульдеу барысында зираттағы қабір қоршауларын ұрлады деген күдікпен 31 және 34 жастағы Тараз тұрғындарын ұстады. Қылмыс үстінде қолға түскен ер адамдар қоршауларды бұзып, металлдарын ұрламақ болған”,-деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі. Олар ақша үшін зират аумағындағы темір қоршаулардф талқандап, бөлшектеп темірге өткізуді жоспарлағанын мойындаған. “Ұсталғандардың "Фольксваген Гольф-3" және "ВАЗ-2109" маркалы автокөліктерінің жүк салғышынан қабір қоршауларының бөліктері және арнайы бұзатын құрал табылды. Аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ер адамдардың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр”,- деп хабарлайды ПД баспасөз қызметі.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Ұқсас жаңалықтар