Жамбыл облысында ер адам 100 келіден астам марихуанамен ұсталды
- авторСадуақас Айсұлу
- 18 қыркүйек, 2025
- 319
Жамбыл облысында 100 келіден астам марихуанамен ер адам ұсталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Облыстық Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері мен Ұлттық ұланның “Бүркіт” арнайы жасағы бірлесіп, “Қарасора - 2025” республикалық жедел алдын алу іс-шарасы аясында есірткінің заңсыз айналымына қарсы бағытталған сәтті операция жүргізді.
Жедел ақпаратты іске асыру барысында Байзақ ауданының құмды аумағында, Ақжар ауылынан 125 шақырым жерде, Т.Рысқұлов ауданының тұрғыны ұсталды. Ол заңсыз жолмен 108 келі 400 грамм кептірілмеген марихуана дайындаған.
Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі (аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз дайындау, өңдеу, алу, сақтау, тасымалдау немесе өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.
Қазіргі таңда күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.





