Жамбыл облысында ит аулауға 69 млн теңге бөлінді
Биыл Жамбыл облысында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауға бюджеттен 69 млн теңге бөлінген. Бұл туралы Жамбыл облысының ветеринариялық станциясы директорының міндетін атқарушы Ғабитбек Кебеев өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлім етті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Оның айтуынша, былтыр осы мақсатқа әкімдік тарапынан 55 млн теңге бөлінген. Қаражат есебінен 29387 қаңғыбас ит пен 196 мысық ауланып, оның ішінде 196 ит уақытша ұстау орнына орналыстырылды.
«Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауға бөлінген қаржыға келер болсам, биыл бұл жұмыстарға өткен жылға қарағанда көбірек қаражат бөлінді, 69 млн 998 мың теңге. Өткен жылы облыста 29387 қаңғыбас ит пен 196 мысық ауланып, оның ішінде 196 ит уақытша ұстау орнына орналыстырылды», - деді ол брифингте.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Жамбыл облысында республикалық маңызы бар жолдар жабылды
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында қауіпсіздік шаралары күшейтілді
- авторСадуақас Айсұлу
- 23 желтоқсан, 2024