Жаңалықтар
Жамбыл облысында көлікте отшашу атқан жүргізуші жауапқа тартылды
- авторСадуақас Айсұлу
- 6 қаңтар, 2025
- 943
Заң мен тәртіп қағидатын іске асыру шеңберінде полиция жұмысы жалғасуда.
Жамбыл облысында көлікте отшашу атқан жүргізуші жауапқа тартылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Полиция қызметкерлері бейнебақылау камераларына мониторинг жүргізу барысында Меркі ауданының орталық көшелерінің бірінде өрескел құқық бұзушылық жасаған тұрғынды анықтады.
Ол түн ортасында көлігінің жүк салғышының үстіне пиротехникалық затты жабыстырып, көлігін жүргізе отырып, отшашу атқан.
Оқиға түнгі уақытта, сағат 03:00 шамасында орталық көшелердің бірінде тіркелді.
Азаматқа ҚР ӘҚБтК-нің 436-бабының 2-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама толтырылып, жауапқа тартылды.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Жеке клиникада МӘМС бойынша медициналық қызметтерді қалай алуға болады?
- авторСадуақас Айсұлу
- 5 желтоқсан, 2025
Жаңалықтар
Бас прокурор: "Азаматтардың құқығын қорғау – басты назарда"
- авторСадуақас Айсұлу
- 5 желтоқсан, 2025






