сәрсенбі, 23 қазан, 2024 11:32

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысында кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған қылмыс 17,9 %-ға өскен

Жамбыл облысында кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған қылмыс 17,9 %-ға өскен
ашық дереккөзі
Жамбыл облысында кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған қылмыс 17,9 %-ға өскен
Жамбыл облысында кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған қылмыс 17,9 %-ға өскен. Бұл туралы Жамбыл облыстық білім басқармасы басшысының м.а. Мұхит Нысанбаев облыс әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысында айтты деп хабарлайды Жамбылинфо. Жауапты маманның сөзінше, атқарылған жұмыстарға қарамастан жыл қорытындысы бойынша кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған 125 қылмыс тіркеліп,17,9 %-ға өскен. Оның ішінде жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыс санаты 120,8% немесе 29 дерекке өскен.

"Бұл балаға бақылаудың жоқтығынан орын алып отырған мәселе. Осы оқу жылынан бастап білім беру ұйымдарында ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету орталықтары жұмыстарын бастады.Жұмыстың нәтижесі ретінде ақпан айында облыстық форум өткізу жоспарлануда. Бүгінгі күні колледжішілік есепте тұрған 267 студент, полиция бөлімінің есебіндегі 93, тұрмысы қолайсыз отбасыларында тәрбиеленетін 64 білімгермен профилактикалық жұмыстар жалғасуда.",- деді Мұхит Нысанбаев.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар