Жаңалықтар
Жамбыл облысында мал азығына дайындалатын өнім көлемі төмендеп кеткен
- авторjambylinfo.kz
- 8 маусым, 2021
- 193
Жамбыл облысында мал азығына дайындалатын өнім көлемі төмендеп кеткен
Биыл Жамбыл көктем айларындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты шабындықтардағы мал азығына дайындалатын өнімнің төмендеуі байқалады. Мал қыстауын қалыпты өткізу үшін 1 млн. 713 мың тонна пішен, 58 мың тонна пішендеме, 583 мың тонна сабан, 54 мың тонна сүрлем, 645 мың тонна құнарлы мал азығын дайындау қажет екен. Бұл туралы аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен кезекті аппараттық кеңесте айтылды.
Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қайрат Амановтың айтуынша, аудан әкімдіктерінің ақпаратына сәйкес егістік алқаптар мен табиғи шабындықтардың өнімділігі есебінен 974 мың тонна пішен дайындалады деп күтілуде. Бұл қажеттілікті 57 пайызға қамтиды. Сол сияқты пішендеме және сабан толық әрі артығымен қамтамасыз етілсе, сүрлем – 87 пайызға, құнарлы мал азығы – 47 пайызға қамтылады деп көзделуде.
Басқарма басшысы бірінші кезекте мал азығына деген ішкі қажеттілікті қамтамасыз ету мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізуді ұсынды. Зерделеу көрсеткендей, облыстағы ұйымдасқан шаруашылықтардың мал азығын дайындауға қажетті егіс алқаптары мен шабындық жерлері және техникалар бар. Ал, мал азығының жетіспеушілігі қажетті жем-шөп қорын дайындауға мүмкіндіктерінің болмауынан жеке қосалқы шаруашылықтарда орын алуы мүмкін екенін жеткізді.
Облыс әкімі басқарма басшысына әрбір аудандағы ауылдарды аралап, жағдаймен жіті танысуды тапсырды. Жауапты мамандарды кабинетте отырып, тек қағаздағы есепке сүйенбей, ауыл-ауылдарды өз аяғымен аралап жүру керектігін баса айтты. Себебі ауа райының қолайсыздығына байланысты шабындықтардағы мал азығына дайындалатын өнімнің жетіспеушілігі бірқатар өзекті мәселелердің туындауына түрткі болуы мүмкін.
Сондай-ақ, аймақ басшысы мал қыстату науқанында ауа-райының ерекшелігіне байланысты шөпті аса қажет етпейтін аудандардың мүмкіншілігін басқа аудандарға пайдалану керектігін алға тартты. Жауапты тұлғаларға өңірдегі жем-шөп дайындау жұмыстары бойынша күнделікті ақпаратты баяндап тұруды міндеттеді.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Педагог категориясының өсуі жалақыға қаншалықты әсер етеді?
- авторjambylinfo.kz
- 24 қараша, 2024