жұма, 30 мамыр, 2025 0:23

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысында Отан қорғаушылар күні мен Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты шара өтті

Жамбыл облысында Отан қорғаушылар күні мен Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты шара өтті
Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаменті
Бұл туралы Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Тараз қаласындағы Халық қаһарманы М. Айманов атындағы №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аумағында Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Мемлекеттік деңгейдегі айтулы мерекелерге орайластырылған бұл іс-шара азаматтық қорғау саласының қызметкерлері мен ардагерлеріне арналған алғыс пен құрметтің жарқын көрінісі болды.

Іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындаумен және жеке құрамның сапқа тұруымен басталды. Қатысушылар алдында Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Арман Тоқанов және ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұржан Биназаров құттықтау сөз сөйлеп, Отан алдындағы қызметтің маңыздылығын атап өтті.

Салтанатты рәсім барысында ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің, Жамбыл облысы және Тараз қаласы әкімдіктерінің атынан бірқатар қызметкерлерге арнайы атақтар, медальдар, құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табысталды. Марапаттар өз кәсібіне адалдық танытып, қызмет барысында жоғары нәтижеге қол жеткізген мамандарға, ардагерлер мен бөлімшелердің жеке құрамына арналды.

Сондай-ақ іс-шараға ардагерлер, офицерлер мен сарбаздар, жас мамандар, мәдениет саласының өкілдері және қоғам белсенділері қатысты. Мұндай кездесулер жас буынға үлгі болары сөзсіз.

Іс-шара соңында Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы дайындаған мерекелік концерттік бағдарлама ұсынылды. Сондай-ақ Департамент қызметкерлерінің музыкалық қойылымдары көрермендер көңілінен шықты.

Бұл шара – еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігі жолында аянбай еңбек етіп жүрген азаматтарға көрсетілген құрмет пен елдік рухтың айқын көрінісі.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар