Жаңалықтар
Жамбыл облысында полиция қызметкері жол апатынан көз жұмды
- авторСадуақас Айсұлу
- 24 сәуір, 2025
- 167

23 сәуірінде Жамбыл облысында жол-көлік апаты салдарынан полиция қызметкері қаза тапты.
Патрульдік полиция батальонының инспекторы, полиция аға лейтенанты Нұржан Дунбаев қызметтік міндеттерін атқару кезінде көз жұмды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ішкі істер министрі Ержан Сәденов марқұмның жақындарына көңіл айтты.
Қызметтік міндеттерін атқару кезінде ЖКО-да қаза тапқан Жамбыл облысы Полиция департаменті патрульдік полиция батальонының инспекторы, полиция аға лейтенанты Нұржан Дунбаевтың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Оның есімі әріптестерінің жадында мәңгі қалады, - деп жазды министр.
Ішкі істер министрлігі оның отбасына қажетті қолдауды көрсетеді.
Сонымен қатар экипаждың екінші қызметкері патрульдік полиция инспекторы Бекзат Сотаев жарақат алған.